10.06.2015, 13:59 3773

Қостанайда апатқа ұшыраған көлік жүргіншілер жолында екі баласымен келе жатқан әйелді қағып кетті

Бүгін таӊертеӊ Қостанай орталығында екі көліктіӊ соқтығысуы салдарынан аяқжолда екі баласымен келе жатқан әйел зардап шекті

Қостанай. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін таӊертеӊ Қостанай орталығында екі көліктіӊ соқтығысуы салдарынан аяқжолда екі баласымен келе жатқан әйел зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Audi" көлігініӊ жүргізушісі бұрылыста "Mitsubishi Lancer" көлігін өткізбей, салдарынан соӊғысы адам жүретін жолға қарай тайқып кетті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қостанай облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасыныӊ аға инспекторы Юрия Панасенконыӊ айтуынша, оқиғаныӊ мән-жайы анықталу үстінде, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны