06.04.2013, 11:07 3709

Қостанайда бала денсаулығына қауіп тудыратын ойыншықтар табылды

"Біздің мамандар Қостанайдағы сауда үйлерінен 93 өнім түрлерін тексеруге алған. Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, 15 ойыншықтың төртеуі талапқа сай болмай шықты. Атап айтқанда, резина доп, "Fashion Tea Set" ыдыстар жиынтығы, "Activity sport" пен "Youhoo" сылдырмақтарының зияны бар екені анықталды. Олардың барлығы Қытайда жасалған. Ойыншықтар сертификатсыз сатылып келген",-деді С.Қаппасов.

Қостанай. 6-сәуір. Kazakhstan Today - Қостанайда бала денсаулығына қауіп тудыратын ойыншықтар табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Техникалық реттеу және метрология комитеті Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы Сәбит Қаппасов хабарлады.

"Біздің мамандар Қостанайдағы сауда үйлерінен 93 өнім түрлерін тексеруге алған. Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, 15 ойыншықтың төртеуі талапқа сай болмай шықты. Атап айтқанда, резина доп, "Fashion Tea Set" ыдыстар жиынтығы, "Activity sport" пен "Youhoo" сылдырмақтарының зияны бар екені анықталды. Олардың барлығы Қытайда жасалған. Ойыншықтар сертификатсыз сатылып келген",-деді С.Қаппасов.

Оның сөзіне қарағанда, сараптама кезінде аталған ойыншықтардың бояу шыққан. Қазір зиянды ойыншықтар сатылымнан алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны