30.04.2013, 16:35 8092

Қостанайда дауыл тұрып, тұрғындар жарықсыз қалды

"Қолдағы деректерге қарағанда, желдің екпіні секундына 33 метрге дейін жеткен. Қостанай қаласы бойынша дүйсенбі күні кеш пен сейсенбі күні таңертең 10 шақты электр желісі үзілді", - деп хабарлайды "ЭПК-Форфайт" ЖШС бас инженері Иван Ткаленко.

Қостанай. 30-сәуір. Kazakhstan Today - Қостанайда күшті дауыл тұрып, бірқатар ықшам аудан тұрғындары мен жүйке аурулары ауруханасы жарықсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қолдағы деректерге қарағанда, желдің екпіні секундына 33 метрге дейін жеткен. Қостанай қаласы бойынша дүйсенбі күні кеш пен сейсенбі күні таңертең 10 шақты электр желісі үзілді", - деп хабарлайды "ЭПК-Форфайт" ЖШС бас инженері Иван Ткаленко.

Оның айтуынша, кеше кешқұрым шаһардағы 15 көп қабатты үй қараңғылық құшағында қалған. Жарық оларға тек түнде ғана берілді.

Сонымен қатар, Қостанай маңындағы Затобольск елді мекеніндегі жүйке жүйесі ауруханасы да жарықсыз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны