16.04.2010, 13:33 1627

Қостанайда екі әйелді пышақтаған ер адамға қатысты сот үкімі шығарылды

Қостанайда екі әйелді пышақтаған ер адамға қатысты сот үкімі шығарылды

Қостанай. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қостанайда мас күйінде екі әйелді пышақтаған Рудный қаласының тұрғыны Сергей Фаллер 8 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың желтоқсан айында 45 жастағы Рудный қаласының тұрғыны С. Фаллер мас күйінде жаңжал салдарынан асхана пышағымен екі әйелді жарақаттаған. Бір әйел оқиға орнында қаза тапты. Ал екінші әйелдің бет-жүзі ауыр зақымданды.

Сот С. Фаллерді ҚР Қылмыстық кодексінің 103-ші бабының 1-тармағы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 96-шы бабының 1-тармағы (кісі өлтіру) бойынша айыпты деп танып, оны қатаң тәртіптегі абақтыда жазасын өтеумен 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ, сот оған қаза тапқан әйелдің анасына моральдық шығынның өтемі ретінде 250 мың теңге төлеуді міндеттеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны