06.02.2015, 15:05 3863

Қостанайда ғашығымен сөзге келген полицей өз-өзіне қол салмақ болды

Қостанайда полицей көлігініӊ ішінде атылып өлмекке әрекеттенді. 26 жастағы аға лейтенант суицидке сүйіктісімен ұрсысқаннан кейін бармақ болған екен

Қостанай. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Қостанайда полицей көлігініӊ ішінде атылып өлмекке әрекеттенді. 26 жастағы аға лейтенант суицидке сүйіктісімен ұрсысқаннан кейін бармақ болған екен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы өте ауыр дейді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Ал, әріптестерініӊ айтуынша, таӊертеӊ жұмысқа келгеннен кейін қаруын алып қызметіне кіріскен. Алайда біраз уақыт өткен соӊ қызымен телефон арқылы сөйлесіп, ашуға мініпті. Артынан Макаров тапаншасын қайта тапсырмастан көлігіне отырып кетіп қалған.

Тек екі жарым сағаттан кейін қала ортасында сандалған көлікті жол сақшылары тоқтатпақ болыпты. Сол кезде криминалдық бөлімніӊ аға лейтенанты өзін тапшадан атып жіберген.

Мән-жайды қазір Ішкі қауіпсіздік басқармасы анықтап жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны