02.04.2010, 14:45 3146

Қостанайда ыстық су мен жылудың тарифі көтерілді

Қостанайда ыстық су мен жылудың тарифі көтерілді

Қостанай. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Қостанайда 1 сәурден бастап ыстық су мен жылудың тарифі көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облыстық департаментіне сілтеме жасап.

1 сәурден бастап ыстық су тарифі есептегіш құралдары бар жеке тұлғалар үшін ҚҚС қоса есептегенде бір текше метрі үшін 200,81 теңге және заңды тұлғалар үшін - 228,3 теңге, есептегіш құралдары жоқ жеке тұлғалар үшін ҚҚС қоса есептегенде 722,91 теңге болмақ.

Сондай-ақ, коммуналдық кәсіпорындарды субсидиялаудың доғарылуына байланысты заңды тұлғалар үшін жылу тарифі 18,59%-ға көтеріледі. 1 сәуірден бастап олар 1 Гкал үшін ҚҚС қоса ессептегенде 3835,34 теңге төлейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны