31.03.2011, 17:10 7101

Қостанайда қалыңдығынан 44 жас кіші күйеу жігіт отбасын құрмақ

Қостанайда 19 жасар жігіт пен 63 жастағы әйел отбасын құрмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қалалық АХАЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қостанай. 31 - наурыз. Kazakhstan Today - Қостанайда 19 жасар жігіт пен 63 жастағы әйел отбасын құрмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қалалық АХАЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 2011 жылдың 2-сәуірінде19 жастағы Сергей Кулишов пен 63 жастағы Татьяна Нефедованың некелері қиылады.

"Қостанай үшін күйеу жігіт пен қалыңдықтың мұндай жас айырмашылығы рекордттық көрсеткіш болып табылады. Біз бұған дейін 15-20 жас айырмашылықтағы талай некелерді қиғанбыз. Бірақ бұл бірінші рет. Оның үстіне күйеу жігіттің емес, қалыңдықтың жасының үлкендігі таң қаларлық",- деп хабарлады Қостанай қаласының АХАЖ қызметкері Жәзира Ысмағұлова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны