10.08.2011, 17:05 3056

Қостанайда кәмелеттік жасқа толмаған өгей қызын зорлаған адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Шығыс Қазақстан облысында өзінің 6 сыныпта оқитын өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келген азамат ұсталды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Қостанай. 10-тамыз. Kazakhstan Today - Қостанайда кәмелеттік жасқа толмаған өгей қызын зорлаған адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында өзінің 6 сыныпта оқитын өгей қызын 3 жыл бойы зорлап келген азамат ұсталды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, тәртіп сақшыларына бұл оқиғаны қыздың анасы жеткізген. Арнайы тексеру барысында мәлім болғанындай, Зырянов қаласының 41 жастағы тұрғыны өзінің 6 сыныпта оқитын 13 жасар өгей қызын 2009 жылдан бері өз үйінде зорлап келген. Өгей әке қызына болған оқиғаны біреуге жеткізген жағдайда оны өлтіретінін айтып қорқытқан. "Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық әрекет бойынша іс қозғалды", - деді Н.Ораз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны