18.06.2010, 16:52 3068

Қостанайда кеден қызметкерлерінің киімін киген адамдар кедендік департаменттің есеп шотынан 100 млн теңге алып кетпек болған

Қостанайда кеден қызметкерлерінің киімін киген адамдар кедендік департаменттің есеп шотынан 100 млн теңге алып кетпек болған

Қостанай. 18-маусым. Kazakhstan Today Қостанайда кеден қызметкерлерінің киімін киген адамдар кедендік департаменттің есеп шотынан 100 млн теңге алып кетпек болған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қостанай облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Кеден органдарының киімін киген белгісіз алаяқтар 2010 жылдың 28 мамырында Қостанай облысының қазынашылық департаментіне жасанды қаржылық құжат көрсетіп, Қостанай облысының кедендік бақылау департаментінің несиелік есеп шотынан 100 млн теңгені заңды тұлғаның есеп шотына аудармақ болған",- деп хабарлады КБД баспасөз қызметінен.

"КБД ішкі қауіпсіздік бөлімі алаяқтардың ауыр қылмыс жасамақ болған әрекеттерінің алдын алды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабы мен 177-бабының 3 тармағының "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соттық-криминалистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес құжаттағы таңба мен лауазымды тұлғаның қолы жасанды деп танылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қаржы полициясына берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны