31.07.2013, 15:19 8130

Қостанайда қыз ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

Қостанай облысында қыз ұрлап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қостанай. 31-шілде. Kazakhstan Today - Қостанайда қыз ұрлаған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай облысында қыз ұрлап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ал қылмыстық топтың басшысы әйел адам болып шықты. Бұл топтың екі мүшесі осыдан бір ай бұрын ұсталған болатын. Оларға қатысты ҚР ҚК "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басшылық ету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, тергеу барысында қылмыстық топтың 22 жасар және екі 27 жасар қызды ұрлап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені анықталды. Бұған қатысты "Адам ұрлау" бабы бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны