11.05.2011, 11:07 1616

Қостанайда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізілді

Оқу-жаттығуларға облыстық ҰҚКД, ІІД, ТЖД, ҚАЖД, №6697 әскери бөлімшесінің жедел топтары мен денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері қатысты. ІІД баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, соғыс жағдайына мейлінше жақындатылған түрде лаңкестерді, жарылғыш заттарды залалсыздандыру, сонымен қатар лаңкестік акцияның зардаптарын қолдан келгенше азайту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылды.

Қостанай. 11 - мамыр. Kazakhstan Today - Қостанайда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қостанай" халықаралық әуежайы аумағында "Қостанай-Дабыл-2011" оқулары болып өткен.

Оқу-жаттығуларға облыстық ҰҚКД, ІІД, ТЖД, ҚАЖД, №6697 әскери бөлімшесінің жедел топтары мен денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері қатысты. ІІД баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, соғыс жағдайына мейлінше жақындатылған түрде лаңкестерді, жарылғыш заттарды залалсыздандыру, сонымен қатар лаңкестік акцияның зардаптарын қолдан келгенше азайту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылды.

Оқу-жаттығулар барысында басшылық және жедел құрам әскери біліктілік пен тактикалық шеберліктерін көрсете білді. Лаңкестік операциялар жүргізу жөніндегі Қостанай облыстық жедел штабының қызметіне оң баға берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны