14.08.2009, 15:46 3361

Қостанайда мәтіні бұрмаланған үш Құран тәркіленді - газет

Қостанайда мәтіні бұрмаланған үш Құран тәркіленді - газет

Қостанай. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Қостанайда мәтіні бұрмаланған үш Құран кітабы тәркіленді. Жергілікті имамның пікірінше, олар өз мазмұнына қарай жаппай қабылданған ұлы кітаптың мәтініне сай келмейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Костанайские новости" газетіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Алматының ресми сарапшылары мұндай бұрмалаушылықтың тасасында не жатқанын анықтауға тиіс.

"Экстремизммен және лаңкестікпен күрес бөлімінің бастығы Сапар Медетовтың айтуынша, Астана соты шілде айында экстремизмді насихаттайтын 207 ақпараттық материалды енгізіп таратуға тыйым салды", - деп нақтылайды газет.

Бүгінде Қостанай облысының аумағында 194 діни бірлестік тіркелген.

С. Медетовтың айтуынша, "Ата Жолы" және "Алля-Аят" секілді тыйым салынған жалған діни ағымдардың жолына түскен бірнеше адамға әкімшілік айыппұлдар салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны