24.08.2011, 17:02 3457

Қостанайда полиция қызметкері 8 жасар қызды кағып кетті

Қазақстан жаңалықтары ақпарттық агенттігінің хабарлауынша, Қостанайда полиция қызметкері жеке автокөлігімен 8-жасар қызды қағып кеткен, жәбірленушінің жағдайы тұрақты, деп хабарлады сәрсенбі күні ІІМ арнайы өкілі Нұрділдә Ораз.

Астана. 24-тамыз. Kazakhstan Today - Қостанайда полиция қызметкері 8 жасар қызды кағып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпарттық агенттігінің хабарлауынша, Қостанайда полиция қызметкері жеке автокөлігімен 8-жасар қызды қағып кеткен, жәбірленушінің жағдайы тұрақты, деп хабарлады сәрсенбі күні ІІМ арнайы өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның мәліметінше, оқиға 23 тамыз күні кешкісін болған. Полиция қызметкері басқарып келе жатқан ВАЗ-2108 автокөлігі оң жағындағы автокөлікті басып озып келе жатқан. "Автокөлікті бұраберген жерде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жүргізуші полиция қызметкері кідірместен алғашқы көмекті көрсетіп, жараланған қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілген", - деді Ораз сәрсенбі күнгі брифингте.

Дәрігерлер қыздың жағдайының тұрақты екендігін айтуда.

"Аталмыш дерек бойынша тергеу алды тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатыны айтылған. Сонымен қатар, полиция қызметкеріне қызметтік тексеру басталған", - деп түсіндірді ІІМ арнайы өкілі.

Мекеменің мәліметінше, жүргізуші сау болып, және ол ЖКО кезінде ол қызмет бабымен емес, бос болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны