24.07.2015, 16:58 3602

Қостанайда сәбиін тастап кеткен ананыӊ үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Қостанайда нәрестесін "Дельфин" сәбилер үйіне тастап кеткен 30 жастағы Олеся Шнайдерге қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатыр. Тәртіп сақшылары баланыӊ анасын екі күн өткеннен кейін бір-ақ тапқан

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Қостанайда нәрестесін "Дельфин" сәбилер үйіне тастап кеткен 30 жастағы Олеся Шнайдерге қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатыр. Тәртіп сақшылары баланыӊ анасын екі күн өткеннен кейін бір-ақ тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қостанай облыстық ІІД Жедел басқару орталығына белгісіз біреу хабарласып, сәбиін тастап кеткен ананыӊ мекенжайын айтқан, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қоӊырау шалған адам өзін таныстырмады, алайда суреттегіге ұқсайтын бала қалалық жатақханада тұратынын айтты. Осы хабарламадан кейін полицейлер бірден сол мекенжайға жол тартып, баланыӊ анасын тапты. Жас әйел нәрестесін тастап кеткенін мойындап отыр", - деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Еш жерде жұмыс істемейтін Олеся Шнайдердіӊ үш баласы бар екен. Үлкен ұлын ауылдағы ата-анасына жіберген, ал ортаншы қызы өзімен бірге тұрады. Кішкентай Ілиясты анасы бірге тұратын жігітімен сөзге келіп қалғаннан кейін қызбалықпен сәбилер үйіне тастап кетіпті.

"Нәрестеніӊ ангинамен ауыратынын анықтадық. Біз оны тауып алған кезде, ол құр колготкимен бордюрде тұрған еді. Сәби шамамен 1,3-1,4 жаста. Біз бірден оны бауырымызға басып, Дамир Баймағамбетов деп аты мен тегін қойдық. Себебі біздіӊ үйіміз Баймағамбетов көшесініӊ бойында орналасқан. Анасы табылған кезде баланыӊ есімі Ілияс екенін білдік. Сөйтіп бұрынғы аты мен тегін "қайтардық"", - дейді "Дельфин" сәбилер үйініӊ директоры Қарлығаш Мұсалинова.

Қарлығаш Мұсалинова "көкек" анамен біраз әӊгімелесіп, оныӊ мұнай қадамға не үшін барғанын сұрады. Жас әйел ашу үстінде жасаған әрекетіне өкінсе де, полицейлер оныӊ үстінен қылмыстық іс қозғауға бекініп отыр. Ал сәби анасына қайтарылмайтын болды, "Дельфин" сәбилер үйінде қала бермек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны