16.09.2010, 14:03 4731

Қостанайда Тобыл өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды

Қостанайда Тобыл өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің қрылысы басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қостанай. 16 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қостанайда Тобыл өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің қрылысы басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 313,1 метрлік конструкция Тобылдың екі жағалауын жалғайды. Нысанның жобалық құны - 3 млрд 765 млн тенге. Үстіміздегі жылы көпір құрылысына 373,3 млн тенге бөлінген.

Нысанның құжатына сәйкес, көпір құрылысы 23,8 айдан кейін аяқталуға тиіс.

Көпір құрылысының мердігерлері Астана қаласының "Қазақжолқұрылыс" ЖШС болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны