27.09.2007, 12:35 3535

Қостанайда жаңа мешіт салынбақ

Қостанайда жаңа мешіт салынбақ

Қостанай. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда жаңа мешіт салынбақ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қостанайда жаңа мешіт салу келісі жылы басталады. Қазір молдалар оны салуға қаржы жинауда.

Бұған қатысуға ниет танытқан барлық қостанайлық жуықта банкте ашылған есепшотқа өз көмектерін сала алады. 1 млн теңге сомасындағы бірінші қайырымдылық көмегін облыс басшысы салды. Тағы 3 млн теңге көлеміндегі көмекті қостанайлықтар салған.

Жаңа мешіттің дәл қай жерде орналасатындығы әлі белгісіз. Бірақ, "бұған қатысты проблема туындамайды" деп отыр. Қазір жобалаушылар ыңғайлы орын қарастыруда.

Қостанай қаласы әкімшілігінің заң бөлімінің бастығы Азамат Илімбаевтің пайымдауынша, "бас жобалаушылар мұны ғылыми тұрғыдан қарастырып жатыр. Бұрынғы ескі мешіт бұзылуы да мүмкін".

Жаңа мешіттің құрылысына қанша қаржы жұмсалатындығы әзірге белгісіз. Имамның айтуынша, барлығы қайырымдылық сомасына қатысты болады. Қаржы көп болған сайын, мешіттің көлемі де үлкен болады.

Қостанайдың мешіті 114 жыл бұрын салынған. Бүгінде молдалардың айтуынша, 1893 жылы салынған құрылыс ескіріп, жылдан жылға өсіп келе жатқан діндәр тұрғындар оның залына сыймай бара жатыр. Сондықтан да "ыңғайлы да, жаңа мешіт" салу мәселесі бұрыннан туындаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны