05.11.2012, 16:41 3141

Қостанайда жеке кәсіпкерлік субьектісінің 79 жобасы мақұлданды

"Даму" қоры" өңірлік бөлімшесінен хабарланғандай, бағдарламаның аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын қаржы жүктемесін төмендетті.

Қостанай. 5-қараша. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы Қостанай облысында "БЖК 2020" бағдарламасын іске асыру аясында өңірлік үйлестіру кеңесімен 79 жоба мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Даму" қоры" өңірлік бөлімшесінен хабарланғандай, бағдарламаның аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын қаржы жүктемесін төмендетті.

Бүгінгі күні жобаларды субсидиялау бойынша "Ресейдің Жинақбанкі" АҚ қостанайлық филиалы 13 жобамен көш бастап келеді. АТФ-Банктің жергілікті құрылымы 12 жобаны, БТА Банк 9 жобаны мақұлдап, қаржыландырды. Қазақстанның Халық банкі мен Еуразиялық банк 8 жобаны қаржыландырды.

"Даму" қостанайлық қорының қаржылай емес қолдау бойынша бас менеджері Динара Орымбаеваның сөзіне қарағанда, "егерде 2011 жылы Қостанай облысында 29 жоба мақұлданса, 2012 жылы 9 айда олардың саны 79-ға жеткен".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны