18.07.2008, 11:33 1234

Қостанайда жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар коммуналдық қызмет төлемдерінен босатылды

Қостанайда жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар коммуналдық қызмет төлемдерінен босатылды

Қостанай. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда 1 шілдеден бастап жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар коммуналдық қызмет төлемдерінен босатылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қостанай әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрғын үй көмегін төлеу бөлімінің төрайымы Елена Чистилова хабарлады.

Бұл санатқа әскери құрылымдарда істейтін азаматтық тұлғалар, бұрынғы кәмелеттік жасқа жетпеген тұтқындар, Ленинград қоршауы кезіндегі қала тұрғындары, Ауғанстандағы әскери шараларға қатысушылар, Чернобыль АЭС апатты жоюшылар мен семейліктер жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны