23.12.2008, 15:52 3103

Қостанайда жергілікті шенеуніктерден 20 млн теңге бопсалаған зейнеткерге қатысты үкім шығарылды

Қостанайда жергілікті шенеуніктерден 20 млн теңге бопсалаған зейнеткерге қатысты үкім шығарылды

Қостанай. 23 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Қостанайда бүгін аудан әкімі Геннадий Тюркиннен 20 млн теңге бопсалаған 57 жастағы зейнеткер Мұқаш Шоновқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі аудандық сотқа сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2008 жылдың мамыр айында Г. Тюркинге хат келген, онда аудан әкімі мен Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагиннің атына кір келтіретін мәліметтер жан-жақты көрсетілген. Бірнеше күннен кейін хаттың иесі әкімге телефон соғып, 20 млн теңге талап еткен. Г. Тюркин мен бопсалаушы арасындағы үшінші телефон әңгімесінің өрбу барысына Қостанай облыстық криминалдық полициясы басқармасының қызметкерлері де құлақ түрген.

Тергеу барысында анықталғанындай, Қостанай облыстық ІІД мен "Қазақтелеком" АҚ қызметкерлері арасындағы куәгерлердің мәлімдеуінше, М. Шонов телефон қоңырауларын телеком ғимаратында жасаған. Жіберілген хаттардың бірінің конвертінен оның саусақ іздері табылған.

Соттың хабарлауынша, "ақшаны беру оқиғасы болмағанымен, Шоновқа ҚР Қылмыстық кодексінің 181-бабының, 3-тармағының "б" тармақшасы (бопсалаушылық) бойынша айып тағылып, мүлкін тәркілеусіз 7 ай 2 күнге бас бостандығынан айыру жазасы жүктелді. Үкім ол қамауға алынған 2008 жылдың 21 мамырынан бастап күшіне енеді. Сөйтіп, айыпталушы үкім жария етілген соң сот залында босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны