30.12.2014, 15:25 4004

Қостанайдағы қазақ-түрік лицейіндегі уланудыӊ себебі анықталды

Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейініӊ 16 тәрбиеленушісі уланған ішек инфекциясыныӊ жұқтырушысы білім мекемесініӊ ас әзірлейтін бөлігіндегі азық-түліктен табылды.

Қостанай. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейініӊ 16 тәрбиеленушісі уланған ішек инфекциясыныӊ жұқтырушысы білім мекемесініӊ ас әзірлейтін бөлігіндегі азық-түліктен табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Азық-түлікті зертханалық зерттеуден өткізу аурудыӊ себебін анықтады. Ол алтын түстес стафилококк болып шықты. Оны асхана қызметкерлерініӊ бірі жұқтырғаны күмәнсіз. Қостанай облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті бастығыныӊ орынбасары Владимир Ничитайлоныӊ айтуынша, ауруды жұқтырған адамныӊ тұлғасы жақын уақытта анықталады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бұрын хабарланғандай, 25 желтоқсанныӊ кешінде балалар ауруханасына тамақтан улану белгілерімен бірінен соӊ бірі лицей оқушылары, барлығы 16 бала жеткізілді. Алтын түсті стафилококпен бірге кейбір балаларда ауыз қуысыныӊ инфекциясы болды.

Лицей басшылығы балалардыӊ улануыныӊ көзі олар жақында болған дәмханада немесе ата-аналарыныӊ білім мекемесініӊ жатақханасына әкелген азық-түлікте болуы мүмкін деп шамалайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны