25.08.2010, 15:59 3754

Қостанайдағы көлік тұрағынан арыстан табылды

Қостанайдағы көлік тұрағынан арыстан табылды

Қостанай. 25 - тамыз. Kazakhstan Today - Қостанайда жергілікті тұрғын қаладағы көлік тұрақтарының бірінен "Газель" көлігіне жасырылған арыстан тауып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"23-тамыз күні полицияға жергілікті тұрғын қаладағы көлік тұрақтарының бірінен "Газель" көлігіне жасырылған арыстан тауып алғандығы туралы хабарлаған",- деп хабарлайды баспаспасөз қызметінен. Белгілі болғандай, ол таңертең тұрақтағы көлігіне келгенде, "Газель" көлігінің ішінен жануарды көрген.

Полиция аңның "Экватор" атты цирктің иесі, жергілікті кәсіпкерге тиесілі екендігін анықтаған. Ол арыстанды Қарағандының циркінен сатып алып, өте кеш келгендіктен тұрақта қалдырып кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны