06.09.2007, 14:17 1659

Қостанайдың билік өкілдері ішімдік өнімдерінің тауарлық белгісін қайталайтын атауы бар тауарларды сыртқы жарнамасына тыйым салды

Қостанайдың билік өкілдері ішімдік өнімдерінің тауарлық белгісін қайталайтын атауы бар тауарларды сыртқы жарнамасына тыйым салды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. ҚОСТАНАЙ. Қостанайдың билік өкілдері ішімдік өнімдерінің тауарлық белгісін қайталайтын атауы бар тауарларды сыртқы жарнамасына тыйым салды. Бұл турлаы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қостанай әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Анар Өмірзақова хабарлады.

"Икімнің орынбасары мен жер комитетінің өкілі ішімдік өнімдіренің тауарлық белгісін қайталайтын атауы бар тауарлардың сыртқы жарнамасына тыйым салуға пікір білдірді. Бұл шешім жарнама туралы жаңа заңға қайшы келеді",- деді Анар Өмірзақова.

Оның айтуынша, жарнама туралы заңның пункіттерінің бірінде "ішімдік өнімдері мен темекіге қызығушылық, тұтынушылық, сұраныс тудыруға бағытталған сыйлықтар, лотереялар ойнатуға тыйым салынады" деп айтылған. "Ішімдік, темекі өнімдері ретінде белгілі атаулармен немесе тауар белгісінің элементтерін пайдаланумен тауарды (жұмыс, қызмет көрсету) жарнамалауға болмайды",- деп атап өтті Анар Өмірзақова.

Бірақ, оның айтуынша, бұл ақпарат келесі пунктте баяндалған басқа нормаға қайшы келеді: "бірнеше тауар және қызмет көрсету тізімімен, соның ішінде ішімдік және темекі өнімдерін қоса тіркелген тауар белгісін жарнамалау барысында бұл тауарлардың немесе қызмет көрсетудің көлемі мен атауы 30 пайыздан аспауға тиіс".

Бөлім бастығының пайымдауанша, мұндау қыйшылықтар туындамау үшін, "елді-мекендердегі сыртқы жарнамаларды орналастыру тәртібі мен шарты туралы ереже қажет". "Оларды үкіметтің бекіткен типтік ережелер негізінде әзірлеу керек, ал мұндайды 4 жылдан бері қабылдай алмай келеді. Егер мұндай ереже болса, біз заңның кай пункітіне басшылыққа алатындығымызды нақты білер едік",- деп мәлім етті Анар Өмірзақова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны