16.10.2009, 17:40 3579

Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметінен босатылды

Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы қызметінен босатылды

Қостанай. 16 қазан. Kazakhstan Today - Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ербол Панзабеков қызметінен босатылды. Облыстық сот судьяларының тәртіптік алқасының мәжілісінде осындпай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Е. Панзабеков 7 қазанда ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132-бабының тәртібімен Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ербол Панзабеков бұрынғы жұбайын өлтіруге әрекеттенді деген күдікпен ұсталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы бұрынғы жұбайын өлтіруге әрекеттенді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 7 қазанда ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132-бабының тәртібімен Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ербол Панзабеков бұрынғы жұбайын өлтіруге әрекеттенді деген күдікпен ұсталды.

Кеше облыс орталығындағы бір көшеде Е. Панзабековтың бұрынғы жұбайы, "Аденстрой" ЖШС тең төрайымының автокөлігіне қаратып оқ атылды. Шабуылдың салдарынан әйел де, көлікте оытрған жолаушылар да зардап шеккен жоқ. Бірінші оқ тимей кетсе, екіншісі көліктің артқы жақ есігінің үстіңгі бөлігіне тиген.

Қазір бұл оқиғаға қатысты жайттарды Қостанай облыстық ІІД-нің тергеу басқармасы айналысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны