19.10.2007, 15:10 2604

Қостанайдың полицейлері 9 мал ұрлаушыны ұстап, оннан астам мал иелеріне қайтарылды

Қостанайдың полицейлері 9 мал ұрлаушыны ұстап, оннан астам мал иелеріне қайтарылды.

Қостанай. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайдың полицейлері "Арқан" іс-шарасын жүргізу аясында 9 мал ұрлаушыны ұстап, оннан астам мал иелеріне қайтарылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстың ішкі істер департаментінен хабарлады.

Қостанайдың полицейлері "Арқан" іс-шарасын жүргізу аясында оннан астам малды иелеріне қайтарған. Іс-шара 15-қазаннан бастап үш күн бойы жүргізілген. Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мал ұрлаумен айналысқан 9 адамды ұстаған, оның 7-і қамауға алынды, 2-і қаладан шықпау туралы қолхатпен босатылған, деп нақтылап өтті облыстық ішкі істер департаментіндегілер.

Іс-шара жүргізу кезінде облыс аумағында 31 мобильдік жедел-іздестіру тобы жұмыс істеген. Барлық мал ұрлығы "ізін суытпай" ашылған. Полицейлер Аман-Қарағай аулының маңындағы жайылымнан жергілікті тұрғын сиырды айдап әкеткен 30 жасар ауыл тұрғынын ұстаған. Қазір сиыр иесіне қайтарылған.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, мал ұрлаумен айналысқан адамдар тек ірі қара малды ғана ұрламаған. Татьяновка аулында екі жас жігіт қорадан үш қой ұрлаған. Қойшыға келген шығын 21 мың теңге.

"Мал ұрлығын ашу соңғы жылы 67 пайызға өскен, көбінесе осы тектес іс-шаралар көмектеседі",- деп атап өтті облыстың ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының бастығы, полиция полковнигі Рахат Аханов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны