16.06.2015, 10:55 3109

Қостанайлық жүргізушілерде авто және мотодром пайда болады

2015 жылы Қостанайдыӊ автокөлік иелеріне арналған Мамандандырылған ХҚКО ашылады. Жаӊа ғимараттыӊ қабырғалары ескі әскери аэродром жақта Челябі көшесі бойында тұрғызылды. МамХҚКО ауданы 4 гектарды құрайды

Қостанай. 16 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылы Қостанайдыӊ автокөлік иелеріне арналған Мамандандырылған ХҚКО ашылады. Жаӊа ғимараттыӊ қабырғалары ескі әскери аэродром жақта Челябі көшесі бойында тұрғызылды. МамХҚКО ауданы 4 гектарды құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ХҚКО" РМК Қостанай облысы бойынша филиалыныӊ директоры Еркін Жұмабай Мамандандырылған ХҚКО ашу автоиелеріне автокөліктерін екі сағат ішінде тіркеуге мүмкіндік беретінін, шамамен осындай уақыт жүргізуші куәлігін алуға кететінін хабарлады. "Осы қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту бизнес-үдерістерді автоматтандыру және бір кешен аумағында қосымша сервистерді топтаудыӊ арқасында мүмкін болды. Осылай, құрылып жатқан МамХҚКО-да психиатриялық және наркологиялық диспансер дәрігерлеріне арналған кабинеттер, сондай-ақ медициналық комиссиядан өту кабинеті көзделген", - деп ол қосты.

Сондай-ақ Жұмабайдыӊ айтуы бойынша ғимаратта "Connection point" өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейтін болады, онда автоиелері ЖҚЕ бұзушылығы үшін айыппұлды, көлік салығын және т.б. өз бетінше төлей алады.

Автоматтандырылған автодроммен бірге жаӊа кешен аумағында мотодром қарастырылған, онда автоәуесқойлар мотоцикл, мопед және т.б. басқаруға практикалық емтихан тапсыра алады. Мамандандырылған ХҚКО-ларда практикалық емтихан тапсыру процесі толықтай автоматтандырылғандығын атап өту керек. Жүргізуші өз бетінше қашықтықты жүріп өтеді, ал электрондық жүйе өзі баға қояды.

Қостанайдағы МамХҚКО-дан басқа жыл соӊына дейін Ақтөбе қаласында МамХҚКО-на іске қосу жоспарлануда.

Анықтамалық: ағымдағы жылдыӊ 5 айы ішінде Қазақстанныӊ МамХҚКО-ларында 65 мыӊнан астам жүргізуші куәліктері берілген және 324 мыӊнан астам автомобиль тіркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны