19.10.2007, 14:24 2602

ҚР 8 жылдың ішінде қазақстандықтар 20 мыңнан астам, ал шетелдіктер 6 мыңға жуық бала асырап алған

ҚР 8 жылдың ішінде қазақстандықтар 20 мыңнан астам, ал шетелдіктер 6 мыңға жуық бала асырап алған.

Астана. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында 8 жылдың ішінде қазақстандықтар 20 мыңнан астам бала, ал дүниежүзінің 25 елінің азаматтары 6 мыңға жуық бала асырап алған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының судьясы Ғалия Аққуова Бельгияның француз қоғамының өкілдерімен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанда шетелдіктердің бала асырап алуына 1999 жылдан бастап рұқсат берілген. Өткен 8 жылдың ішінде қазақстандықтар 20 мыңнан астам бала, ал дүниежүзінің 25 елінің азаматтары 6 мыңға жуық бала асырап алған", - деді Г. Аққуова Бельгияның бала асырап алу мәселелері жөніндегі француз қоғамының директоры Дидье Деу басқарған өкілдерімен кездесу барысында.

Мекеменің ақпараттарына сүйенсек, тараптар бала асырап алуға қатысты мемлекеттік органдар құрылымдарын, заңнамалық базаны дамыту тәжірибелерімен алмасты. Ғалия Аққуова қонақтарға Қазақстанда бала асырап алу тәртібімен және процедураларымен таныстырды, судья, сондай-ақ, Қазақстан бала құқықтары туралы Гаага Конвенциясын ратификациялаған және де балаларды қорғау және халықаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастықтар туралы Конвенцияны ратификациялауға тырысып жатқанын атап өтті. Оның пайымдауынша, бұл шетелдіктердің асырап алған балалар тағдырын бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Д. Деу, өздерінің қызметтері Бельгияның француз тілінде сөйлейтін бөлігінің өкілетті мемлекеттік органы болып табылатындығын атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдастық бала асырап алуға рұқсат алуға үміткер тұлғаға алдын-ала әлеуметтік тексеру жүргізіп, ресми түрде асырап алу процедурасын бақылап, бала асырап алу жөніндегі ашық ассоциацияда рұқсат береді.

Кездесуді қорытындылай келе өкілдер Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына ризашылықтарын білдіріп, құқықтық дәстүрлері дамыған басқа да елдер сияқты Қазақстан да бала асырап алу мәселесіне қажетті көңіл аударып отырғандығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны