27.09.2018, 18:07 3841

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық құқық қорғау мекемелерініӊ Азиялық-Тынық мұхит форумыныӊ (АТФ) жыл сайынғы отырысына қатысты

Омбудсмен өз сөзінде әріптестерін өз мекемесініӊ жылдық жұмысы, сондай-ақ Мемлекет басшысыныӊ бастамасы бойынша конституциялық реформа және басқа да ауқымды бағдарламалар аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан институционалдық дамудыӊ өзекті мәселелері туралы хабардар етті.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Омбудсмені ұлттық құқық қорғау мекемелерініӊ Азия-Тынық мұхит Форумыныӊ жыл сайынғы кездесуі барысында құқық қорғау әлеуетін нығайту мәселелерін талқылады.

Гонконг қаласында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров ұлттық құқық қорғау мекемелерініӊ Азиялық-Тынық мұхит форумыныӊ (АТФ) жыл сайынғы отырысына қатысты, оныӊ барысында мүше мемлекеттер жұмысыныӊ кезекті нәтижелері қаралды.

Омбудсмен өз сөзінде әріптестерін өз мекемесініӊ жылдық жұмысы, сондай-ақ Мемлекет басшысыныӊ бастамасы бойынша конституциялық реформа және басқа да ауқымды бағдарламалар аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан институционалдық дамудыӊ өзекті мәселелері туралы хабардар етті.

Омбудсмен мәртебесін конституциялық түрде бекіту оныӊ мекемесін ұлттық құқық қорғау мекемелері қызметініӊ Париж қағидаттарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты одан әрі жандандырды, осыған байланысты, БҰҰ, ЮНИСЕФ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеӊесі және АТФ секілді адам құқықтары саласындағы жаһандық және аймақтық серіктестермен жұмыс күшейтілді.

А. Шәкіров есепті кезеӊ ішінде Омбудсмен мекемесініӊ жұмысында халықтыӊ осал топтарыныӊ, оныӊ ішінде балалардыӊ, әйелдердіӊ, қарт адамдардыӊ және ерекше қажеттіліктері бар адамдардыӊ құқықтарыныӊ сақталуына мониторинг жүргізуге ерекше көӊіл бөлінгенін атап өтті.

Сондай-ақ, құқық қорғау мекемесініӊ Қазақстан Республикасыныӊ халықаралық міндеттемелерін ұлттық заӊнамаға жүзеге асыру бойынша заӊ шығару жұмыстарына белсенді қатысуы атап өтілді. Мәселен, Парламент бірінші оқылымда Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігініӊ мандатын оныӊ тізбесіне қосымша 216 балалар институционалдық мекемесін енгізу арқылы кеӊейтуді қарастыратын заӊ жобасын мақұлдады.

Омбудсмен кездесу барысында Орталық Азия ұлттық құқық қорғау мекемелерініӊ өзара іс-қимыл алаӊын құру және аймақтағы адам құқықтары саласындағы маӊызды мәселелерді шешу үшін "жол картасын" әзірлеу туралы қазақстандық бастаманы хабардар етті.

Нәсілдік және кемсітушіліктіӊ өзге де нысандарына қарсы күрес туралы мәселені талқылау шеӊберінде шетелдік әріптестер Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға баса назар аударды, оныӊ бұзылуы қазіргі заманныӊ негізгі қиындықтарыныӊ бірі болып табылатын әлемдегі жаһандық сипатқа ие болуымен ерекшеленді. Осы тұрғыда олар жалпы мемлекеттіӊ осы саладағы саясаты және Омбудсмен мекемесімен ынтымақтастық туралы Меморандум жасасқан Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ қызметі туралы хабардар болды.

АТФ отырысында ұйымдастыру мәселелері қарастырылды, оныӊ қорытындысы бойынша ұйымныӊ жаӊа мүшелері, соныӊ ішінде Қырғыз Республикасыныӊ Омбудсмен мекемесі қабылданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны