27.12.2016, 11:26 3653

ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетініӊ төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Иділ Қожықов ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетініӊ төрағасы болып тағайындалды

Астана. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Иділ Ғалымжанұлы Қожықов ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетініӊ төрағасы болып тағайындалды,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

И.Қожықов 1978, жылы туған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өзініӊ еӊбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінде ғылыми қызметкер болып бастаған.

Ир жылдары ҚР Президентініӊ жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясат және талдау орталығында жұмыс істеген.

2005-2011 жылдар аралығында ҚР Президентініӊ Икімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған: Қауіпсіздік Кеӊесі Хатшылығыныӊ аға сарапшысы, Ақпараттық-талдау орталығында сектор меӊгерушісі, Баспасөз хатшыныӊ орынбасары, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меӊгерушісініӊ орынбасары.

2011-2012 жылдары - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" РМК директорыныӊ орынбасары.

2013-2014 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеӊсесі Ақпараттық-талдау орталығыныӊ меӊгерушісі.

2014 жылғы сәуір - 2016 жылғы қыркүйек аралығында "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ директоры лауазымын атқарды.

2016 жылғы қазан-желтоқсан аралығында - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрініӊ кеӊесшісі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны