26.12.2007, 18:30 2915

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі қаңтар-ақпан айларында үкіметке елімізде интернет-технологияларды дамыту тұжырымдамасын енгізбекші

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі қаңтар-ақпан айларында үкіметке елімізде интернет-технологияларды дамыту тұжырымдамасын енгізбекші

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі қаңтар-ақпан айларында үкіметке елімізде интернет-технологияларды дамыту тұжырымдамасын енгізбекші. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев құлағдар етті.

"Біз қазір интернет-технологияларды дамыту тұжырымдамасының жобасын жасап, мемлекеттік органдармен келістік, онда интернетті реттеуге қатысты мемлекеттің позициясы айқындалады", -деді Қ. Есекеев.

"Бұл тұжырымдама үкіметке енгізіліп, келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында бұқара талқысына ұсынылады", - деді ол.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының айтуынша, бұл тұжырымдама "мемлекеттің Интернетке қатысты көзқарасын айқындау, оны қалай дамыту және реттеу жайын дұрыс түсіну үшін қажет". Ол "Интернетті мемлекеттік реттеуден толық босату керек деген ұстаным теріс" деген пікірде.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының айтуынша, тұжырымдамада Интернеттің Қазақстандық сегменті - Қазнетті дамытуға қатысты негізгі көзқарастар көрініс табады. "Мемлекет интернет-технологияларға оның мазмұны тұрғысынан қатысушыға айналғысы келеді. Құжатта біз дәл осы жөнінде ұсыныс жасамақшымыз. Елімізде Интернетті тұтынушылар саны мардымсыз және бұл салаға бизнес бармай отыр дегенді біз түсініп отырғандықтан бұл саладағы бастамашылдықты мемлекет өз мойнына алуға тиіс деп ойлаймын", - деді Қ. Есекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны