04.03.2008, 14:26 2878

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құрмақшы

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құрмақшы

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құрмақшы. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құруды ұсынамыз. Өйткені, интернет тұтынушыларының статистикасы олардың елімізде ең танымал бес-алтты сайтты ғана жиі қолданатынын көрсетіп отыр", - деді Қ. Есекеев.

"Қазақстандағы бұдан өзге сайттар қызығушылық тудырмайды", - деді ол.

"Біз осындай 30 интернет - ресурсты қалыптастыру үшін тиісті зерттеулер жүргізіп, Қазақстандағы тұтынушылар үшін ең қызғылықты интернет-ресурстарды анықтамақшымыз", -деді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, осындай 30 интернет-ресурстың 10-ы мемлекеттік, 20 - ы жеке меншік болмақ.

"Біз осындай сайттарды халық арасында ілгерілетуге тұрақты жұмыс істейтін боламыз", - деді Қ. Есекеев. Оның пікірінше, Қазақстандағы интернет-ресурстардың басым бөлігіне қатысты осындай жұмыстар жүргізу қазір "мәнсіз". "Егер ағымдағы статистикаға жүгінетін болсақ, Қазақстанда қазір күніне кем дегенде 1000 адам бас сұғатын 50 сайт қана бар. Ал біздің мақсат - осы 30 сайтты әрбір Қазақстандық тұтынушы үшін сұранысқа ие болдыру", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны