04.03.2008, 14:46 2929

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстандық интернет-өнімдердің қажеттілік деңгейін 2011 жылы 40%-ға жеткізбекші

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстандық интернет-өнімдердің қажеттілік деңгейін 2011 жылы 40%-ға жеткізбекші

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстандық интернет-өнімдердің қажеттілік деңгейін 2011 жылы 40%-ға жеткізбекші. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 - 2011 жылдар аралығында Қазақстанда Интернетті тұтынудың басты мақсатты индикаторы ретінде біз Интернеттің Қазақстандық мазмұнының сұраныс пен қажеттілік деңгейін 40%-ға дейін жеткізбекшіміз", - деді Қ. Есекеев.

"Бұл үш жылда біз Интернет желісінің барлық Қазақстандық тұтынушыларының 40% өз сұраныстарын Қазақстандық сайттарға еніп, ішкі желіге бағыттауына қол жеткізуді білдіреді", - деді ол.

"Бұл нәтижеге қол жеткізу үішн біз бірқатар техникалық шараларды жүзеге асыруды, бірінші кезекте Интернетке кең алапты қол жеткізудің ең жоғары жылдамдығы көрсеткішін секундына 256 килобайтқа жеткізбекшіміз", - деді агенттік төрағасы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ол бүгін өткен үкіметтің отырысында хабарлағанындай, ICT Marketing маркетингтік агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2007 жылы Қазақстанда 1 млн 600 мың адам, немесе ел халқының 11% интернет желісін тұтынушы ретінде тіркелген. "Интернетте шешуші іздестіретін сөз ретінде "Қазақстан", "Астана" және "Алматы" сөздерін пайдаланатын тұтынушылар саны жыл өткен сайын өсе түсуде. "Яндекс" және "Рамблер" компанияларының мәліметінше, қазірде Қазнет ресурсын ай сайын 1 млн астам адам пайдаланады, соның ішінде 62% - Қазақстан тұрғындары, 29% -Ресей тұрғындары, 4% - басқа да ТМД елдерінің өкілдері, 3% - Еуропа, Солтүстік Америка және Азияның тұрғындарының әрқайсысы 1%, 0,5% - басқа елдердің тұрғындары", - деді Қ. Есекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны