26.04.2016, 09:54 4338

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болды. Министр мен өӊір басшысы Б.Атамқұлов бастаған жұмыс тобы іс-сапар кезінде аудандағы бірқатар ауыл шаруашылық кәсіпорындарын аралап, жергілікті шаруалармен кездесті

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жұмыс сапарымен Мақтарал ауданында болды. Министр мен өӊір басшысы Б.Атамқұлов бастаған жұмыс тобы іс-сапар кезінде аудандағы бірқатар ауыл шаруашылық кәсіпорындарын аралап, жергілікті шаруалармен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі, еӊ алдымен, биоагенттер шығарумен айналысатын өӊірдегі ірі кәсіпорын "Биофабрика-Жетісай" ЖШС-нде болды. Кәсіпорынныӊ жылдық қуаттылығы көлемі 50 мыӊ гектар алқапты құрайтын аумаққа жетеді.

Мұнан соӊ, жұмысшы топ "Береке Мақта" ауылшаруашылық тұтыну кооперативініӊ көктемгі дала жұмыстарыныӊ барысымен танысты.

Кооператив төрағасы Мұрат Құрбановтыӊ айтуынша, көлемі 6832 гектар болатын жерге мақта мен бақша дақылдарын және жүгері мен көкөністер егу жоспарлануда. Негізінен, аталған шаруашылықтағы барлық өнімдер әрдайым үлкен сұранысқа ие.

Жұмыс тобыныӊ "Береке Мақта" ИКК-на іс-сапары кезінде облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтыӊ төрағалығымен Мақтарал ауданыныӊ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен бірге семинар-кеӊес өтті. Онда талқыға салынған негізгі тақырып - Оӊтүстік Қазақстандағы мақта шаруашылығын дамыту жайы болды.

Жиында сөз алған өӊір басшысы облыстағы мақта егісініӊ 80 пайызы аталған ауданға тиесілі екенін айта келе, мақта шаруашылығын дамытудыӊ арқасында алдағы жылдары "ақ алтын" түсімділігін 40-45 центнерге дейін көбейтіп, жалпы өнім көлемін 300-400 мыӊ тоннаға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты. Айта кетейік, Мақтарал ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ егіс көлемі 136 мыӊ гектарды құраса, соныӊ 83 мыӊ гектары мақта өсіруге арналған алқап.

"Өздеріӊіз білесіздер, Елбасымыз үнемі шағын және орта кәсіпкерлікті, ауылшарушылығын дамытуға мән беріп келеді. Сол арқылы халықты жұмыспен қамтуды тапсырып отырады. Бұл салалар Мемлекет Басшысыныӊ әр Жолдауында айтылады. Мемлекет тарапынан жыл сайын бөлініп жатқан ауқымды қолдаулар осыған дәлел болып келеді", - деді өӊір басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі семинар-кеӊесте министрге саладағы бірқатар өзекті мәселелерді жеткізді. Атап айтқанда, бүгінгі таӊда аймақ үшін шешуін тез арада қажет ететін түйткілдер - топырақтыӊ мелиоративтік жағдайы мен мақта шаруашылығындағы егіс көлемініӊ ұсақтылығы, ауыспалы егістіӊ сақталмауы мен су жүйелерініӊ тозуы, сонымен қатар, ағын судыӊ жетіспеушілігі мен жоғары сұрыпты тұқымдармен қамтамасыз ету жағдайлары болып табылады.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы министрі министрліктіӊ осы бағыттағы жұмыстар жоспарымен бөлісіп, жиында айтылған мәселелердіӊ өз ретімен шешімін табатынын хабарлады.

Сонымен қатар, семинарда мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулардыӊ арқасында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне үлкен көмек көрсетіліп жатқаны айтылды. Оныӊ ішінде, әсіресе, субсидияланған жанар-жағармай мен ауыл шаруашылығы техникалары тілге тиек етілді.

Іс-сапар соӊында Асылжан Мамытбеков "Тәуелсіздіктіӊ 20 жылдығы" каналында болып, су арнасыныӊ жағдайымен танысты. Ирригациялық жүйеніӊ қуаттылығы секундына 60 текше метр суды құрайды. Бұл ауқымы 86,7 мыӊ гектар болатын жер шаруашылығын суаруға жеткілікті.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны