10.08.2015, 19:13 3498

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БАИ Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Қазақстандық тараптан құжатқа Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ төрағасы Сақташ Хасенов, ал БАИ тарабынан Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрініӊ орынбасары Жоғары мәртебелі Сұлтан Абдулла Сұлтан қол қойды

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандық тараптан құжатқа Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ төрағасы Сақташ Хасенов, ал БАИ тарабынан Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрініӊ орынбасары Жоғары мәртебелі Сұлтан Абдулла Сұлтан қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құжат екі ел арасындағы ветеринария саласындағы өзара ынтымақтастыққа жаӊа серпін беруге бағытталған. БАИ Қазақстан үшін тірі жануарлар мен оныӊ өнімдерін, сондай-ақ азықтық дақылдарды экспорттауға мүмкіндік беруде.

Сондай-ақ, сапар барысында делегация мүшелері еліміздіӊ мал шаруашылығы кешендерін аралап, ветеринариялық ұйымдардыӊ жұмыстарымен танысты.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны