29.01.2015, 21:33 4861

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ алқа отырысында өткен жылы атқарған қызметі қортындыланды

Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарыныӊ жалпы егіс көлемі 21,5 млн. га құрады, оныӊ ішінде дәнді дақылдар 15,3 млн. га, сондай-ақ бидай - 12,4 млн. га орналастырылды. Соӊғы көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 699 мыӊ га кемісе, майлы дақылдар алқабы керісінше артып 2,3 млн. га құрады

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарыныӊ жалпы егіс көлемі 21,5 млн. га құрады, оныӊ ішінде дәнді дақылдар 15,3 млн. га, сондай-ақ бидай - 12,4 млн. га орналастырылды. Соӊғы көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 699 мыӊ га кемісе, майлы дақылдар алқабы керісінше артып 2,3 млн. га құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстар әкімдіктері, "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ және "Казагроинновация" АҚ арасында ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдарға қой қойылғандығын еске саламыз. Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша республикада қант қызылшасы мен картопты санамағанда барлық дәнді дақылдар бойынша меморандумдағы индикативті көрсеткіштерге қол жеткізілді. Осылайша, бидайға арналған егіс алқаптары 2,4 млн. га қысқарды. Қабылданған шаралар бидайға деген сұраныс пен ұсыныс көлемін таразылауға, баға демпингініӊ пайда болуына жол бермеу, егіс айналымын енгізіп, шемшөп, майлы, азықтық және көкөніс-бақша дақылдарыныӊ көлемдерін арттыруға мүмкіндік берді.

Күрделі табиғи жағдайға қарамастан дәнді дақылдар оруға тиесілі 14855,3 мыӊ. га (99,1%) жиналды. Бастапқы салмақта 18,9 млн. тонна астық (орташа өнімділік - 12,7 ц/га), бастырылды, оныӊ ішінде бидай шамамен 14,5 млн. тонна құрады. 2,1 млн. тонна 2015 жылы астыққа деген жазғы дақылдар тұқымыныӊ қажеттілігі есебінен 1,8 млн. тонна себілді. 2015 жылғы астыққа тұқым тапшылығы мәселесін шешу үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ қараша айында бидайды форвардтық сатып алуын жариялады. Осылайша, шаруалар тұқым сатып алуға ИКК кепілдігімен қаражат алып, келесі жылы жиналған астықтан қайтара алады.

Қазіргі таӊда еліміз бойынша астық сақтау қоймалардыӊ қуаттылығы 25,1 млн. тонна. Ү.ж. 1 қаӊтардағы жағдай бойынша республикада 13,2 млн. тонна астық бар. Барлық астық сақтау қоймалары 52,6 %-ға жүктелген.

Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларыныӊ саны ұлғайды. 2013 жылмен салыстырғанда ет өндірісі (сойыс салмағы) 3,2%-ға өсіп, 898,9 мыӊ тоннаны құрады, сиыр сүті - 2,6 %-ға өсіп 5020,1 мыӊ тоннаны, ал тауық жұмыртқасы - 10,1%-ға өсіп 4272,5 млн. дананы құрады. Жағымды динамика саланыӊ барлық өндірісі мен шаруа қожалықтарында байқалуда. Қазақстан соӊғы 5 жылда алғаш рет ірі қара мал етініӊ экспортын 14 есеге ұлғайтып, шамамен12 мыӊ тонна ет және ет өнімін эскорттады.

Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша, өткен жылы мал шаруашылығыныӊ дамуына жергілікті бюджеттен бөлінген қосымша қаражат есебінен 49,8 млрд. теӊге қарастырылды. "Алтын асык" қой шаруашылығы және "Құлан" жылқы шаруашылығы бойынша несиелік бағдарламалары арқасында фермерлік шаруашылықтарымен 83,8 мыӊ қой және 11,6 мыӊ жылқы алынды. "Ырыс" бағдарламасы шеӊберінде 1800 мал басы бар 19 сүтті-тауарлы фермалар қаржыландырылды.

2014 жылдыӊ басынан бастап жануарлардыӊ аса қауіпті 194 ауруы тіркелді, оныӊ 166 ошағы жойылып, жергілікті атқарушы органдардыӊ шешімімен жабылды. Қалған 28 ошақта ветеринарлық-карантиндік шаралар өткізілуде. Өткен жылдыӊ сәйкесінше уақытымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жануарларыныӊ ауру ошақтары 9%-ға азайды (2013 жылы - 211 ошақ).

2012 жылы Халықаралық эпизоотикалық бюромен келісілген Қазақстанныӊ ветеринарлық қызметін модернизациялау стратегиясына сай аусылмен күресудіӊ Жоспары әзірленді. 2016 жылы Қазақстан аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін алуды жоспарлап отыр.

АӨК ғылыми қамтамасыз етуді қаржыландыруға республикалық бюджеттен 5,3 млрд. теӊге бөлінді. Ғалымдардыӊ еӊбегініӊ нәтижесінде мемлекеттік сорттық сынауға ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ 110 сорты мен будандары жасалып, берілді. Қой, түйе, жылқы және ІҚМ жаӊа типтері шығарылды. Бұдан басқа мал шаруашылығы үшін емдік дәрі-дәрмектер мен вакциналардыӊ 11 атауы әзірленді. Дәнді дақылдар алқаптарында отандық селекциялы сорттардыӊ үлесі 47,5% құрады.

2014 жылы орманды қайта қалпына келтіру және өсіру 80,4 тыс.га алқапта жүргізілді. Арал теӊізі аумағында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 10,6 мыӊ га аумақта сексеуіл отырғызылды. Ал 2008 жылдан бастап Аралдыӊ құрғаған түбініӊ аумағында 56,5 мыӊ га орман алқаптары отырғызылды.

Қазақстандағы киіктердіӊ саны 256,7 мыӊға жетіп, 2005 жылмен салыстырғанда 6,4 есе артты. Сондай-ақ, арқар, қарақұйрық, құлан, бұғылардыӊ саны өсуде.

Мемлекет қазынасына табиғатты пайдаланушылардан 523,0 млн. теӊге көлемінде төлем түсті. Өткен жылы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен су қоймаларына 168,4 млн. дана бекіре, ақсақа, тұқы және өсімдік көректі балықтары жіберілді.

Ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнімініӊ көлемі 2014 жылдыӊ қаӊтар-желтоқсан айлары аралығында 2,5 трлн. теӊгені құрады, бұл көрсеткіш алдыӊғы жылмен салыстырғанда 0,8%-ға артық.

Алқа отырысыныӊ қорытындысы бойынша көктемдік-далалық жұмыстарды уақытылы әзірлеп, өткізу, "Агробизнес-2020" бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ, ет экспортын ұлғайтып, егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны