18.03.2008, 12:11 2811

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдарияда Көксарай контррегуляторын салу орынды деп санайды

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдарияда Көксарай контррегуляторын салу орынды деп санайды

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдарияда Көксарай контррегуляторын салу орынды деп санайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сырдарияда қазір қалыптасқан су режимі тығырықтан шығудың екі жолын меңзейді : біз не Көксарай контрурегуляторын салуымыз керек, немесе, көршілес елдермен арадағы проблеманы шешудің тиімді жолын табуымыз керек, яғни, Тоқтағұл су қоймалары каскадын 90-шы жылға дейінгі ирригациялық режимге көшіруіміз керек", - деді А. Рябцев.

"1995 жылдан бері біз трансшекаралық өзенді пайдалану тәртібі жөнінде көршілес елдермен келіссөздерде тығырықтан шыға алмай келеміз", - деді ол. "Бүгінгі күні жағдай өзгеріп қана қоймай, ушығып барады, сол себепті біз контррегуляторды салу мәселесін қарастыруымыз қажет", - деді А. Рябцев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны