18.03.2008, 16:36 3329

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдарияда Көксарай контррегуляторын салу орынды деп санайды (толықтырылған нұсқа)

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдарияда Көксарай контррегуляторын салу орынды деп санайды (толықтырылған нұсқа)

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сырдарияда Көксарай контррегуляторын салу орынды деп санайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Сырдарияда қазір қалыптасқан су режимі тығырықтан шығудың екі жолын меңзейді : біз не Көксарай контррегуляторын салуымыз керек, немесе, көршілес елдермен арадағы проблеманы шешудің тиімді жолын табуымыз керек, яғни, Тоқтағұл су қоймалары каскадын 90-шы жылға дейінгі ирригациялық режимге көшіруіміз керек", - деді А. Рябцев.

"1995 жылдан бері біз трансшекаралық өзенді пайдалану тәртібі жөнінде көршілес елдермен келіссөздерде тығырықтан шыға алмай келеміз", - деді ол. "Бүгінгі күні жағдай өзгеріп қана қоймай, ушығып барады, сол себепті біз контррегуляторды салу мәселесін қарастыруымыз қажет", - деді А. Рябцев.

Ол "қыста тасталатын артық суды жинауға арналған балама қойманы салу қажеттігінің пайда болу себебі, Шардара су қоймасы өзімізге байланыссыз себептермен мерзімінен бұрын толып, Сырданияның төменгі аңғарына одан су жіберу Қызылорда облысының жағалаудағы аймақтарының су астында қалу қаупін тудыратындығына байланысты екенін" еске салды.

"Шардара су қоймасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Сырдриядағы қысқы ағынды реттеу үшін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көксарай ауылының маңында контррегулятор салудың төрт түрлі үлгісі қарастырылды", - деді А. Рябцев.

Оның айтуынша, ең үнемді үлгі ретінде "Сырданияның оң жақ жағалауында, Шардара су қоймасынан 146 шақырым жерде Байырқұм-Арыс автокөлік жолы учаскесінің жер бедері табиғи еңістене біткен тұсын пайдалану арқылы құрылатын су жинайтын қойма түріндегі жоба" таңдалды. "Бұл жерде мұз қатпайды және оған жылдың кез-келген маусымында су қоймасынан су жіберуге болады", -деді комитет төрағасы.

А. Рябцевтің хабарлауынша, жобасы жасалған техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес, контррегулятор айшанағының жалпы аумағы 3 текше шақырымды, су бетінің аумағы 466 шаршы шақырымды, орташа тереңдігі - 6,4 метрді, ең жоғары тереңдігі - 10,4 метрді, тоған жотасының ұзындығы - 44,7 шақырымды құрайды.

"Кешен құрамында Сырдарияда 1500 текше метр су жұмсайтын су жинағыш ғимараты бар гидроторап, гидротораптан су жіберетін ұзындығы 21 шақырымдық канал және ұзындығы 10 шақырымдық су жинағыш канал бар. "2001 жылы жобасы жасалған техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес, бұл конррегулятордың құны $223 млн құраған, бұл - 2001 жылғы баға ", - деді А. Рябцев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны