27.07.2007, 10:54 2902

ҚР аумағында ұрлық істеді деп айыпталған АҚШ азаматына шығарылған ақтау үкіміне шағым жасалынады

АЛМАТЫ. 27 - шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасінің аумағында ұрлық істеді деп айыпталған АҚШ азаматына шығарылған ақтау үкіміне шағым жасалынады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне жәбірленуші тарап болып табылатын "Арна" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Арна" АҚ Алмалы аудындық сотына сот шешімімен - Алматының Алмалы аудандық сотының 2007 жылдың 11-шілдесінде АҚШ азаматы Менахем Сайденфельдті ақтау туралы шығарылған үкімімен келіспеуге байланысты шағым жолдаған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің хабарламасында "компания басшысы шығарылған үкіммен үзілді-кесілді келіспей отыр, ол оны соттың тәлкегі және де анық деректерді елемеушілік деп санайды". Компанияның баспасөз қызметінің пайымдауынша, "тергеу нәтижесі бойынша ұсынылған дәлелдемелер базасы 5,5 млн теңге көлеміндегі соманы заңсыз жымқыру мақсатында бухгалтерлік құжаттарды қолдан жасау дерегінің орын алғандығын анық көрсетіп отыр".

"Аталмыш тергеудің нәтижелері 2002 жылға бухгалтерлік есеп берудің түпнұсқалық құжаттарына, соттық қолтаңба сараптамасы анықтаған М. Сайденфельдің қолының растығына, компанияның бұрынғы бас бухгалтері мен басқа да қызметкерлердің, тасымалдаушы ұйым өкілдерінің берген жауаптарына, сондай-ақ тәуелсіз аудиторлық есеп нәтижесіне негізделген",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметіндегілер, "Қазақстанның құқық қорғау органдарының 2005 жылдың 7-желтоқсанында қозғаған қылмыстық іс нәтижесінде Менахем Сайденфельд Ресей Федерациясының аумағындағы Благовещенскіде құрықталғандығын" еске сала кетті. Экстрадициялау жөніндегі іс ең соңғы саты - РФ Жоғарғы сотына дейін жетіп, 11 ай қаралғанан кейін ғана Менахем Сайденфельд Қазақстанға жеткізілгені белгілі".

"Мемлекеттік айыптаушы соттан Менахем Сайденфельдке мүлкін тәркілеумен 6 жыл бас бостандығынан айырып, 2 жыл бойы басқарушылық қызметті атқару құқығынан айыру үкімін талап еткен. Бірақ сот тыңдалымдары нәтижесінде Менахем Сайденфельд ақталып, "Арна" АҚ қаржылық дауы қараусыз қалған",- деп атап өтті компаниядағылар.

"Сөйтіп, сот өзінің шешімімен қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдары мен сот органдарының үш жылдық жұмысын жоққа шығарып, іс жүзінде айыпкерді Ресей Федерациясыанн Қазақстанға экстрадициялаудың заңсыздығын мойындап, экстрадициялау институының өзіне күдік тудырды",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны