14.01.2014, 19:19 3307

ҚР авожолдарында қыс басталғалы 1000-нан астам адам құтқарылды

"Қыс түскелі далада қалу оқиғалары көбейе бастайды. Министрліктің құтқарушылары автожолдардағы қар құрсауынан 1064 адамды құтқарды. Аталмыш шаралар кезінде 274 техника эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда қысқы маусым уақытынан бастап ТЖМ тарапынна автожолдардағы қар құрсауынан 1064 адам құтқарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Қыс түскелі далада қалу оқиғалары көбейе бастайды. Министрліктің құтқарушылары автожолдардағы қар құрсауынан 1064 адамды құтқарды. Оның ішінде 75-і Өзбекстан Республикасының азаматтары. Аталмыш шаралар кезінде 274 техника эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында аяз бен өзге де табиғаттың тосын мінездерінен жан тапсырған адам болған жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны