16.08.2006, 17:14 2834

ҚР бас прокуроры Алматының Шаңырық ықшам ауданындағы үйлерді бұзу туралы барлық сот шешімдерін жүзеге асыруды тоқтатты

АСТАНА. 16-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбеков Алматының Шаңырық ықшам ауданындағы үйлерді бұзу туралы барлық сот шешімдерін жүзеге асыруды тоқтатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің жоғары қадағалаушы мекемесі басшысының осы жөніндегі қаулысы бүгін Алматы қаласы бойынша соттар әкімшілігінің атына жолданды. Онда атап көрсетілгеніндей, үйлері бұзылуға тиіс азаматтарға соттың шешіміне қадағалау тәртібімен қарсы шағым түсіруге уақыт беріп, 2006-жылдың 5-шілдесіндегі "Мүлікті заңдастыруға байланысты рахымшылық жариялау туралы" ҚР заңына сәйкес шағым түсіруге мүмкіндік беру керек.

Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, жалпы алғанда Иуезов аудандық соты Алматы қалалық жер ресурстары басқармасының Шаңырық тұрғындарына қатысты заңсыз салынған үйлерін бұзып, өз бетімен басып алған жер телімдерін қайтару туралы 104 шағымын қанағаттандыруға шешім қабылдаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны