05.07.2008, 11:54 2633

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің қызметкерлері мерейтойлық медальдармен марапатталды

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің қызметкерлері мерейтойлық медальдармен марапатталды

Астана. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің қызметкерлері "Астананаың 10 жылдығы" мерейтойлық медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің баспасөз-релизінде атап көрсетілгендей, мерейтойлық медальдармен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысы Мұрат Оразбаев; Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысы Таймас Сағынтаев; Алматы облысы және Алматы қаласындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысының орынбасары Санат Саптаев марапатталды.

Сонымен қатар, департамент директоры Динара Ашуменова; Ақмола, Қарағанды облыстарындағы және Астана қаласындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысы Рүстем Ақжанов; басқарма бастықтары Оксана Басалаева мен Еркеғали Илімқұлов марапатқа ие болды.

Сондай-ақ, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысы Гүлмира Ділдәбекова мен Алматы облысы және Алматы қаласындағы өңіраралық инспекция бөлімінің басшысы Данияр Садықов марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны