26.02.2013, 12:28 3139

ҚР БҒМ басшысы 2020 жылға дейінгі жаңа Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын ұсынды

"Тұжырымдаманың ерекшелігі ол тек білім алып жатқан жастарға бағытталмаған. Ауылдағы, жұмыс жасайтын, өздерін жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, ұраншыл жастардың барлық санаттарын қамтиды және жастарды қолжетімді тұрғын үймен, еңбекпен және жұмыспен қамтуға, жастар ортасын радикалдандыруға қатысты мәселелерді шешеді", - деді Б.Жұмағұлов.

Астана. 26-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 2020 жылға дейінгі жаңа Мемлекеттік жастар саясатының "Қазақстан-2020": Болашаққа айқын жол" тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Тұжырымдаманың ерекшелігі ол тек білім алып жатқан жастарға бағытталмаған. Ауылдағы, жұмыс жасайтын, өздерін жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, ұраншыл жастардың барлық санаттарын қамтиды және жастарды қолжетімді тұрғын үймен, еңбекпен және жұмыспен қамтуға, жастар ортасын радикалдандыруға қатысты мәселелерді шешеді", - деді Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, ол Тұжырымдаманың екі кезеңде жүзеге асатынын хабарлады: 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін және 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін.

Тұжырымдамаға өткен жылдың сәуір айында Ассамблеяның ХІХ сессиясында, "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы" мақаласында, "Жас Отан" съезінде және "Қазақстан 2050" Стратегиясы Жолдауында ел Президенті қозғаған негізігі ережелердің бәрі енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны