17.06.2016, 14:18 7229

ҚР БҒМ: Бірінші сыныпқа баратын балалар ешқандай тест тапсырмауы тиіс

Бірінші сыныпқа баратын балалар мектепте ешқандай тесттен өтпеуі тиіс, деп мәлімдеді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментініӊ директоры Жаӊыл Жонтаева ОКҚ брифингінде

Астана. 17 маусым. Kazakhstan Today - Бірінші сыныпқа баратын балалар мектепте ешқандай тесттен өтпеуі тиіс, деп мәлімдеді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментініӊ директоры Жаӊыл Жонтаева ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Меніӊ баршаға айтарым, бірінші сыныпқа түсетін бала тест тапсырмауы керек. Бұл ешқандай ережеде де, нормативте де жоқ. "Білім беру туралы" Заӊында 6-7 жасқа келген балаларды ата-ана бірінші сыныпқа бере алатындығы көрсетілген. Барша білім беру ұйымдары мен облыстық білім беру басқармаларына айтатыным бірінші сыныпқа арналған тест жоқ", - деді Ж.Жонтаева, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны