13.07.2016, 11:13 3559

ҚР БҒМ деректер банкіне балалар үйлерініӊ тәрбиеленушілері жөнінде кемсітетін сипаттамалар енгізгендерді жазалайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі деректер банкіндегі балалар үйлері тәрбиеленушілері жөніндегі туынды ақпаратқа адамды кемсітетін сипаттамалардыӊ енгізілуі бойынша қызметтік тексеру жүргізді

Астана. 13 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі деректер банкіндегі балалар үйлері тәрбиеленушілері жөніндегі туынды ақпаратқа адамды кемсітетін сипаттамалардыӊ енгізілуі бойынша қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ведомостводан мәлім еткендей, ақпаратты 146 жетім-балалар және ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардыӊ, оныӊ ішінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму жүйелерініӊ әлеуметтік педагогтары дайындаған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осыған байланысты Министрлік 8066 тәрбиеленушініӊ дербес деректерін қайта тексерді.

Қызметкерлердіӊ іс-әрікеттері балалар құқықтарыныӊ бұзылуына әкеліп соқтырғанын ескере отырып Министрлік Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарыныӊ әкімдіктеріне аталған олқылықтарға жол берген қызметкерлерге шара қабылдау қажеттігі туралы хат жолдаған.

Алматы және Қостанай облыстары әкімдіктерініӊ ауызша берген ақпаратты бойынша, жауапты тұлғаларға сөгіс берілді.

Алдағы уақытта балалар үйлері тәрбиеленушілерініӊ дербес мәліметтерін жариялау ісі Министрлік жанында құрылған қоғамдық кеӊестіӊ жұмысы шеӊберінде бақыланады.

Бүгінгі таӊда Министрлік жетім балаларға арналған ұйымдарда кадрлық саясат бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстыӊ басты бағыты - қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыру. Балалар үйлері біртіндеп отбасыларды қолдау орталықтарына айналады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны