11.06.2015, 11:53 3820

ҚР БҒМ мемлекеттік грантпен білім алған түлектерді қайта сынау жүйесін енгізбекші

Мемлекет соӊғы жылдары мемлекеттік гранттар арқылы педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алған жастарды қайта сынау жөнінде тиісті нормалар енгізді. Енді осындай талаптарды өзге де мамандықтар бойынша енгізу мәселесі қаралуда, деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанада өтіп жатқан Еуразиялық білім беру көшбасшыларыныӊ IV форумында

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет соӊғы жылдары мемлекеттік гранттар арқылы педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алған жастарды қайта сынау жөнінде тиісті нормалар енгізді. Енді осындай талаптарды өзге де мамандықтар бойынша енгізу мәселесі қаралуда, деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанада өтіп жатқан Еуразиялық білім беру көшбасшыларыныӊ IV форумында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өндірісті білікті мамандармен қамтамасыз ету және тиімді қаржы салу ұзақмерзімге бағытталған кадрларға деген сапалы болжамдарға байланысты. Алайда, нақты болжамдардыӊ өзі еӊбек нарығыныӊ сұраныстарыныӊ қанағаттандырылғандығына кепіл бола алмайды. Мемлекет соӊғы жылдары мемлекеттік гранттар арқылы педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алған жастарды қайта сынау жөнінде тиісті нормалар енгізді. Енді осындай талаптарды өзге де мамандықтар бойынша енгізу мәселесі қаралуда. Бұл шара өз кезегінде жас мамандардыӊ жергілікті жерлерде қалып қоюына белгілі бір деӊгейде ықпал етуі мүмкін",-деді министр, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сонымен қатар ол, заманауй технологиялардыӊ жедел дамып келе жатқандығын, ал кейбір аймақтарда оныӊ өте жылдам дамып отырғандығын атап өтті.

"Білім жүйесі үшін бірінші кезектегі қажетті дүние - біліктілігін қалыптастыру қажеттілігі мен өз еркімен жетіліп даму және кәсіби деӊгейде даму",-деді А.Сәрінжіпов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны