05.04.2016, 19:33 4297

ҚР БҒМ оқу жылыныӊ маусымға дейін ұзаруын қолдайды

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектептегі оқу жылын маусым айыныӊ ортасына дейін ұзартуды қолдайды. Бұған дейін, оқу жылын маусымға дейін ұзартуға қатысты ҚР премьер-министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаева да өз пікірін білдірген болатын. Е.Сағадиев біртірдеп бұл жүйеге де ауысуымыз мүмкін екенін білдірді

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектептегі оқу жылын маусым айыныӊ ортасына дейін ұзартуды қолдайды. Бұған дейін, оқу жылын маусымға дейін ұзартуға қатысты ҚР премьер-министрініӊ орынбасары Дариға Назарбаева да өз пікірін білдірген болатын. Е.Сағадиев біртірдеп бұл жүйеге де ауысуымыз мүмкін екенін білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұл өте қажет, өйткені бес күндік оқу аптасын енгізетін болсақ, онда бала 36 күн демалады. Ол (оқуды маусымға дейін ұзарту-ред.) осы 36 күнніӊ орнын толтыруы тиіс. 1 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі аралықта. Сондықтан оқушылардыӊ жаздағы оқуын ұзартуға болады. Бүгінгі күні бірінші сынып оқушылары оқу жылын 1 маусымныӊ төӊірегінде аяқтайтын болады. Осылайша жыл өткен сайын оқу жылы ұзара береді. Жоғары сынып оқушылары, бәлкім, маусымныӊ ортасында аяқтайтын шығар. Ирі қарай есептеп қараймыз, себебі одан кейін емтихандар болады", - деді Ерлан Сағадиев қазақстандық мектеп киімдерініӊ форум-көрмесі кезінде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл жаӊашылдық білім берудіӊ жаӊа деӊгейіне қиындықсыз көшуге көмектесетін жаӊа оқу бағдарламасымен де байланысты болып отыр.

Мектептерде бес күндік енгізіліп, сол арқылы оқу жылын ұзарту қазақстандықтардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді делінген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны