12.02.2015, 17:59 6358

ҚР БҒМ жыл соӊына дейін орта мектепте білім берудіӊ жаӊа стандартын әзірлейді

Жыл соӊына дейін білім және ғылым министрлігі 12-жылдық білім берудіӊ жаӊа стандартын ұсынады, деп хабарлады бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ алқа мәжілісі алдында ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Жыл соӊына дейін білім және ғылым министрлігі 12-жылдық білім берудіӊ жаӊа стандартын ұсынады, деп хабарлады бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ алқа мәжілісі алдында ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жыл соӊына дейін біз жаӊа стандарт әзірлейміз, ол 11 жылдық білім берумен плюс 1 жыл мектеп алдындағы дайындықтан тұрады", - деді А.Сәрінжіпов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес бір айдыӊ ішінде министрлік орта білім құрылымы бойынша жаӊа ұсыныстар енгізуі тиіс.

"Ұсыныстар халықаралық талаптарға сәйкестікке қатысты болады. Біз он екі жылдық білім беру жағына қарай жылжитын боламыз, бірақ Президент тапсырғандай, көшу он бір жылдық білім беру мен плюс мектеп алдындағы дайындық аясында жүзеге асырылады. Қазіргі кезде мектепке дейінгі даярлық бағдарламасы бізде 6 жастағы барлық балалардыӊ 95 пайызын қамтып отыр. Біз мектеп алдындағы даярлық бағдарламасын жаӊартуды жақсарту бағыты бойынша жүретін боламыз. Яғни, бұл "бір плюс он бір" формуласы болмақ", - деп түсіндірді А.Сәрінжіпов.

Оған қоса, ведомство басшысы сыртқы жағымсыз экономикалық факторлардыӊ әсеріне қарамастан білім беруді жетілдіру жалғасатынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны