26.04.2012, 10:17 3755

ҚР Білім және ғылым министрі Румынияның Білім министрімен кездесті

Онда 2012 жылдың 25-27 сәуірі аралығында Болон процесіне қатысушы мемлекеттердің Білім министрлерінің ІІІ Конференциясы өтуде.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жұмыс сапарымен Бухарест (Румыния) қаласында жүр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Онда 2012 жылдың 25-27 сәуірі аралығында Болон процесіне қатысушы мемлекеттердің Білім министрлерінің ІІІ Конференциясы өтуде.

Сапар аясында кеше, 25 сәуір күні Б.Жұмағұлов Румынияның Білім беру, зерттеу, жастар және спорт министрі Каталин Овидиу Бабамен кездесті. Кездесу барысында білім беру саласындағы мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша студенттер алмасу, ғылыми тәжірибелер, доктарантура бағдарламалары аясында Қазақстан және Румынияның жоғарғы оқу орындары арасында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бүгін Қазақстанның Білім және ғылым министрі Конференцияға келген Болон процесіне қатысушы мемлекеттердің Білім министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарлануда. Кездесулер барысында білім беру саласындағы мәселелер талқыға түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны