23.11.2012, 17:56 2617

ҚР Білім және ғылым министрі шетелдік әріптестеріне Ұлттық біліктілік жүйесін таныстырды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Еуропа кеңесінің Демократия жөніндегі бас директораты ұйымдастырған Болон процесінің қатысушы мемлекеттерінің білім және ғылым министрлерінің ІІ кездесуіне қатысты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Астана. 23-қараша. Kazakhstan Today - ҚР Білім және ғылым министрі шетелдік әріптестеріне Ұлттық біліктілік жүйесін таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Еуропа кеңесінің Демократия жөніндегі бас директораты ұйымдастырған Болон процесінің қатысушы мемлекеттерінің білім және ғылым министрлерінің ІІ кездесуіне қатысты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Министр Б.Жұмағұлов Қазақстандық ұлттық біліктілік жүйесімен таныстырды.

Қазіргі таңда Қазақстан Болон декларациясына енген жас мемлекет бола отырып, ұлттық біліктілік жүйесін қабылдаған 27 мемлекеттің қатарына енді.

Қазақстандық Ұлттық біліктілік жүйесі Мемлекет Басшысы Н.И. Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам" мақаласында берілген тапсырмаларына сәйкес әзірленген. Бұл білікті еңбек нарығындағы - білім беру жүйесінің, мамандардың, бизнестің өзара қарым-қатынастарын түбегейлі өзгертуі тиіс жүйелі әрі нақты қадам. Осы құжатты қабылдаған сәттен Қазақстанда мамандардың біліктілігін растау мен біліктілік берудің жаңа жүйесі қалыптасатын болады.

Кездесуге еуропалық білім беру кеңістігінің 40 тан астам мемлекеттерінің министрлері, сондай-ақ демократия мәселелері бойынша бас директоры Снежана Самарджич-Маркович, Еуропа Кеңесінің жоғары білім бойынша сарапшылары қатысты.

Сапар барысында қазақстандық білім беру ведомоствасының басшысы Еуропа мемлекеттерінің Білім және ғылым министрлерімен екіжақты кездесулер өткізіп, Күн энергетикасы орталығы мен Страсбург Университетін аралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны