02.09.2009, 12:54 3155

ҚР Білім және ғылым министрі жоғары оқу орындарының басшыларына қосымша 1,5 мың қосымша білім гранттарын табыс етті

ҚР Білім және ғылым министрі жоғары оқу орындарының басшыларына қосымша 1,5 мың қосымша білім гранттарын табыс етті

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев жоғары оқу орындарының басшыларына қосымша 1,5 мың қосымша білім гранттарын табыс етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Тамыз айында өткен конкурстық комиссияның екінші отырысының нәтижесі бойынша еліміздегі 65 жоғары оқу орнының 1 мың 523 студентіне қосымша білім гранттарын тағайындалды.

Биылғы жылдың басында әлемдік қаржы дағдарысында ақылы бөлімде оқитын студенттерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қосымша білім беру гранттары тағайындалған болатын. Аталған гранттардың иегері атанудың басты талабы - одан үміткер студенттің бағалары жоғары болуы.

Министрдің сөзіне қарағанда, республикалық конкурстық комиссияның наурыз айындағы бірінші отырысында ақылы бөлімде оқитын 9 975 озат студент қосымша гранттарға ие болды.

"Республикалық комиссия жазғы сессияның қорытындысы бойынша тамыз айының соңында екінші отырысты өткізіп тағы да ақылы бөлімде озат оқитын 1 мың 523 студентке гранттар тағайындады. Біріншіден, бұл студенттер оқуы үшін ақша төлемейді. Екіншіден, бұл студенттердің барлығы 11 мың теңге көлемінде ай сайын шәкіртақы алатын болады",-деді министр.

Жалпы алғанда 2009 жылы қосымша білім беру гранттары 11 мың 498 студентке тағайындалды.

Ж. Түймебаевтың айтуынша, грант иегері атанған осы студенттерге жылына екі рет қоғамдық көлікте жүрулері үшін 4 АЕК көлемінде (5092 теңге) қосымша қаржы төленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны