29.07.2008, 16:10 2972

ҚР Білім және ғылым министрлігі алдағы үш жылға арнап отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі арнаулы жоспардың жобасын жасауды қолдайды

ҚР Білім және ғылым министрлігі алдағы үш жылға арнап отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі арнаулы жоспардың жобасын жасауды қолдайды

Астана. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Білім және ғылым министрлігі алдағы үш жылға арнап отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі арнаулы жоспардың жобасын жасауды қолдайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Қазақстан білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Күләш Шәмшидинова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі шаралардың 90 проценті мекемеаралық сипатта екенін ескеріп, министрлік отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған біртұтас арнаулы жоспардың жобасын жасауды ұсынады", - деді К. Шәмшидинова.

"Салалық осындай бағдарлама аяқталуға жақын, ал бюджеттік өтінімдерді заңдастыру қиын болатындықтан осындай ұсыныс жасап отырмыз. Оның үстіне осындай бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған шығындардың азая түскені байқалады", -деді ол.

"Отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесін жетілдіру үшін бұрынғыдай бір сарындылықтан арылып, оған ауыл жастары, қалаға көшіп келген жастар, шетелдерде оқып жатқан жастарды көптеп тарту қажет", - деді К.Шәмшидинова. Оның айтуынша, қазір бұл мекеме ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіиен бірлесіп "Ауыл жастары" бағдарламасының жобасын жасауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны